Откройте для себя

богатую историю и культуру Казахстана

 

Қасаба

Суреттер жүктелуде...

Сипаттама

«Қасаба» қыз баланың əшекейлі бас киімі. Қою қызыл түсті барқыттан тігілген, дөңгелек пішінді, биік жиекті, ұшы үшбұрыш тәрізді үшкірленіп жасалған және бір бүйіріне қарай ойыңқы түскен құламасы бар. Шекесі мен төбесі гүл мен жапырақ бейнеленген өсімдік тектес өрнектермен алтын жіп пен зер (канитель) арқылы кестеленген. Шет жағына зер жолақтар тігіліп бекітілген. Алдыңғы жағына ХІХ ғасырдан қалған төрт күміс монета қондырылған. Қолмен тігілген. Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейі қорына алынған алғашқы жәдігерлердің бірі.

Материал: Мата
Санат: Киім және кесте
Scroll to Top