Әшекей бұйымдар
Суреттер жүктелуде...
Сипаттама
Әшекейлер темір дәуіріне жатады және олар жеке тұрмыстық бұйымдар мен сәндік мәнге ие болған.
Сол жақта - сүйектен жасалған кішкентай тарақ пішіндес тұмарша. Оның жоғарғы бөлігі дөңгелек, ішінде тесік бар, ол бауға немесе жіпке тағу үшін пайдаланылған. Мұндай бұйымдар көбіне тұмар-оберег ретінде қолданылып, қорғаныш пен молшылықты білдірген. Тістерінің өзі сәндік қызмет атқарған немесе киелі мәнге ие болған.
Оң жақта - ұшы кеңейіп кеткен түтікше тәрізді қола әшекей. Ол киімге немесе белдік әбзеліне тағылған, иесінің әлеуметтік мәртебесін көрсетіп, сәндік жапсырма ретінде қызмет атқарған.
Темір дәуіріндегі әшекейлер тек әсемдік үшін ғана емес, сонымен қатар оберег рөлін атқарған, әрі қоғамдағы адамның әлеуметтік орнын білдіретін маңызды белгі болған.
Табылған жері: Жетісу облысы Кербұлақ ауданы, Көксай қорымы-12. 2023 ж.
(1-қорған оңтүстік).
Мерзімделуі: темір дәуірі
Техникасы: қол өнімі.
Өлшемі: 3,5х1,5 см
Сақталу жағдайы
Сарғыш-қоңыр дақтар түскен