Откройте для себя

богатую историю и культуру Казахстана

 

Нұрмолда Алдабергеновтың пиджагы

Суреттер жүктелуде...

Сипаттама

Н.Алдабергеновтың пиджагы. Ерлерге арналған классикалық үлгідегі, бір бортты, тік пішімді жеңіл пиджак. Классикалық ағылшын үлгісіндегі қайырма жағалы. Жағаның оймасы орташа енділікте, ұштары сүйірленіп келген және жиектері тік, таза өңделген. Пиджакта үш бірдей жапсырма қалта орнатылған: Кеуде қалтасы: Сол жақ кеуде тұсында орналасқан, беті ашық, тікбұрышты пішінді кішігірім жапсырма қалта. Бүйір қалталары: Пиджактың етегіне жақын, оң және сол жақ бүйірлерінде орналасқан екі үлкен тікбұрышты жапсырма қалталар. Қалталардың үстіңгі жиектері ашық. Жеңдері тік пішілген, ұзын. Жең ұштары қарапайым қайырылып тігілген. Пиджактың алдыңғы оң жақ өңірінде киімді қаусырып бекітуге арналған екі дана дөңгелек түймесі бар.

Мерзімделу кезеңі: 1958 ж.
Материал: Мақта мата
Техника: Сырып тігу
Өлшемі: плечо 18,5 см; рукав 64,5 см.
Санат: Киім және кесте
Scroll to Top