Құжат. Жеделхат
Суреттер жүктелуде...
Сипаттама
Сәкен Сейфуллиннің шығармашылық қызметінің 20 жылдығына байланысты Мәскеу қаласынан КСРО БК тарапынан құттықтау жеделхаты.
1936 жылдың 14 шілдесінде жазылған КСРО БК секретариаты: Гасем Лахути, Владимир Ставский, Всеволод Ивановтың қол қойылған. Жедел хат екі мекен-жайға жіберілген: Алматы қ., Красин к-сі, 41, екінші көшірмесі «Казахстанская правда» газетінің редакциясына тапсырылған. С.Сейфуллин музейіне Алматы 1992 жылы Алматы қаласындағы Орталық музейден алынған.
Мерзімі: 1936 ж.
Материал: қағаз;
Техника: типографиялық баспа.
Санат:
Жазба-дерек және ақпарат (құжат, фото-негативтер)
Материал:
Қағаз
Тақырып:
Суреттер мен кескіндеме
Сақталу жағдайы
Қағаз беті сарғайған, бұрыштары бүктелген, сол жақ бұрышы жыртылған.