Откройте для себя

богатую историю и культуру Казахстана

 

№16 куәлік

Суреттер жүктелуде...

Сипаттама

№16 куәлік Бақыт Тасмұхановтың Қазақ КСР-і Гурьев облысының Ембі аудандық еңбекшілер депутаттары Кеңесіне №16 сайлау округі бойынша депутат болып сайланғанын куәландырады. Құжат мәтіні қазақ тілінде орындалған. Куәлікте атқару комитетінің төрағасы М. Сабиров пен атқару комитетінің хатшысы Б. Мәдиeвтің қолтаңбалары бар. Құжатқа иесінің фотосуреті жапсырылған, фотосурет бұрышына Ембі аудандық еңбекшілер депутаттары Кеңесі атқару комитетінің дөңгелек мөрі басылған. Куәлік Б. Тасмұхановтың жергілікті қоғамдық-саяси қызметін сипаттайтын тарихи-деректік материал болып табылады.

Мерзімделу кезеңі: 1979
Материал: Қағаз
Техника: Типографиялық баспа
Өлшемі: 14 × 22,5 см
Санат: Жазба-дерек және ақпарат (құжат, фото-негативтер)
Scroll to Top