С. Қарабалиннің өз қолымен жазылған өмірбаяны
Суреттер жүктелуде...
Сипаттама
Экспонат - Сүлеймен Қарабалиннің 1946 жылы өз қолымен жазған өмірбаяны. Құжаттың жоғарғы бөлігінде «Автобиография» деген тақырып, төменгі жағында автордың жеке қолтаңбасы қойылған. Өмірбаянда оның 1921 жылғы 5 сәуірде дүниеге келгені, шыққан тегі, отбасы туралы мәліметтер, әкесінің 1937 жылғы қуғын-сүргінге ұшырауы, алған білімі мен педагогикалық қызметі баяндалған. Сондай-ақ Жамбыл атындағы орта мектепте оқуы, педагогикалық курстар мен Гурьев педагогикалық училищесін сырттай бітіруі, 1946 жылы Орал педагогикалық институтының тарих факультетіне түсуі және ВКП(б) мүшелігіне қабылдануы көрсетілген. Құжат педагогтің өмір жолын айғақтайтын құнды мемориалдық және тарихи дерек болып табылады.
Мерзімі: 1946 ж.
Материалы: қағаз, сия
Техникасы: қолжазба (сиямен жазылған)
Өлшемі: 20,5 × 17 см