№157 анықтама
Суреттер жүктелуде...
Сипаттама
1940 жылғы 11 маусымда Новобогат ауылдық еңбекшілер депутаттары кеңесі берген №157 анықтама. Құжат қазақ (латын графикасы) және орыс тілдерінде қолмен жазылған. Онда Сүлеймен Қарабалиннің туған жылы мен жері, әлеуметтік тегі, білімі, тұрғылықты мекенжайы, отбасы құрамы және сайлау құқығына қатысты мәліметтер көрсетілген. Құжат ауылдық кеңес хатшысының қолымен және мөрімен куәландырылған. Экспонат Сүлеймен Қарабалиннің өмірбаянын, отбасы құрамын және соғысқа дейінгі кезеңдегі әлеуметтік жағдайын зерттеуге мүмкіндік беретін құнды мемориалдық әрі архивтік дерек көзі болып табылады.
Мерзімі: 11.06.1940 ж.
Материалы: Қағаз, сия
Техникасы: Қолжазба, мөр басу
Өлшемі: 21 × 17 см
Мерзімделу кезеңі:
1940
Материал:
Қағаз
Техника:
Қолжазба
Өлшемі:
21 × 17 см
Санат:
Жазба-дерек және ақпарат (құжат, фото-негативтер)