Откройте для себя

богатую историю и культуру Казахстана

 

«Отан соғысы» мерейтойлық төсбелгісі

Суреттер жүктелуде...

Сипаттама

Экспонат - Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске арналған мерейтойлық төсбелгі. Төсбелгі сақина арқылы үстіңгі аспалы бөлікпен жалғасқан. Жоғарғы бөлігінде қызыл эмальмен көмкерілген қалқаншада «1941-1945» деген жазу және оны бөліп тұрған жұлдызша бейнеленген, төменгі жиегі лавр бұтақтарымен сәнделген. Негізгі бөлігінде бесжұлдыз бейнесінің аясында оң қолында қылыш, сол қолында баланы көтеріп тұрған жауынгердің бедерлі бейнесі орналасқан. Ортасындағы ақ шеңберде «Отечественная война» деген жазу берілген. Төсбелгі Ұлы Отан соғысы қаһармандарының ерлігі мен Жеңіс рухын дәріптеу мақсатында шығарылған естелік белгі болып табылады.

Мерзімделу кезеңі: 1970
Материал: Алюминий
Техника: Басқа, Зауыттық өнім
Өлшемі: 3 х 5,5 см
Санат: Нумизматика
Scroll to Top