«Сабындыкөлдегі кеш»
Суреттер жүктелуде...
Сипаттама
Бірінші планда, ортада, үстінде жалғыз ағаш өсіп тұрған үлкен сопақша пішінді күлгін тас бейнеленіп, күңгірт бояулы гаммада орындалған композиция. Оң жақ бөлігінде - жайпақ жартастар ортасынан өтетін, көл жағасына апаратын иір сызықты жол. Сол жақта, жол бойында - жанған ошақ. Артқы планда - көлдің қызғылтым беті мен қоңыр-сарғыш жағалау. Сол жақтағы төменгі бұрышта - автордың қолы мен жылы. Жасалған уақыты: 1965 жыл. Техникасы: гуашь. Түскен уақыты: 2008 жылы автордан, Алматы қаласы.
Санат:
Бейнелеу өнері
Материал:
Картон
Тақырып:
Суреттер мен кескіндеме
Сақталу жағдайы
Картон сарғайған, сыдырылған.