Үржар ауылындағы музей
Үржар ауданы Үржар ауылындағы музей филиалы 2012 жылы аудан әкімі Бауыржан Жанақовтың бастамасымен құрылған. Музей қоры өлкеде тұратын халықтардың әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрін ашатын музей заттарынан жинақталған. Музей «Археология», «Үржар-Барқытбел табиғаты», «Үржар өңірінің тарихы», «Ғасырлар сыры», «Алаш идеясы-Тәуелсіздік тұғыры», «Ұлы Отан соғысындағы Үржарлықтар», «Этнография» бөлімдерінен тұрады. Музейдің коллекциясында 4616 сақтау бірлігі бар.
2013 жылы музей Семей қаласының облыстық тарихи-өлкетану музейінің құрамына еніп, оның филиалы ретінде жұмыс істей бастады. 2015 жылы Тарбағатай шыңы-Ақберлі жартастағы суреттерге зерттеу экспедициясы ұйымдастырылды. 2016 жылы Үржар ауданы, Таскескен ауылы маңындағы Бұқпан төбесінде ҚазҰУ ғалымдарымен бірлескен археологиялық қазба жұмыстары жүргізіліп, бірнеше моншақтар мен төрт сақ жебесі табылды. Сол жылы филиалда «Алаш және тәуелсіздік идеясы» тақырыбында тұрақты көрме ашылды.
2017 жылы ақын, күйші А. Найманбайұлының туғанына 150 жыл толуына орай тұрақты көрме ұйымдастырылды. Сондай-ақ 2017 жылы жергілікті Алаш қайраткері, ұлт-азаттық көтерілістің жетекшісі Балтабек қажы Байсұлтанұлына арналған көрме жасалды. Облыстағы Чернобыль ардагерлерінің құрметіне Чернобыль ардагерлерінің көрмесі ұйымдастырылды.
2019 жылы Ақперілі Тарбағатай шыңындағы таңбалы тастарға зерттеу экспедициясы ұйымдастырылды. 2022 жылы Үржар ауданы Елтай ауылының маңындағы «Найманқала» тарихи орнында ҚазҰУ ғалымдарымен бірлескен археологиялық қазба жұмыстары жүргізілді. 2023 жылы «Ұлы Отан соғысы жылдары» бөлімі белгілі партизан және қоғам қайраткері Мешітбай Хасеновке арналған «Еріксіз партизан» көрмесімен толықты.
Ұлы Отан соғысының тарихына, 314-ші атқыштар дивизиясының жауынгерлік жолына лайықты орын берілген.
Музейде тың игеру тарихы, өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығының дамуы туралы көптеген материалдар жинақталған. Музейдің маңызды залдарының бірі-«Солтүстік Қазақстан облысының тәуелсіздік жылдарындағы тарихы. Қазақстан халқы Ассамблеясы». Мұнда Солтүстік Қазақстан облысының экономика мен әлеуметтік саладағы жетістіктері туралы баяндайтын материалдар көрсетілген. 2012 жылдың 1 желтоқсанында Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің залы ашылды. Көрме материалдарында Н.А. Назарбаевтың отбасы туралы айтылады, оның мектеп және студенттік жылдары, еңбек жолы және қоғамдық-саяси қызметі.