Жапырақ пішінді жапсырма
Суреттер жүктелуде...
Сипаттама
Жазық. Шеттерінде үшкір ұшты жіңішке жапырақтар және ортасында үшбұрыш тәрізді ірі орталық жапырақ орналасқан. Жапсырманың түбінде сопақша шағын бейне бар. Жапырақтардың ара-жігі ұсақ тілікшелер арқылы ажыратылған. Орталықтан сәл шеткері жерде түйреуіштің негізі болып табылатын шағын дөңгелек дөңестік орналасқан.
Мерзімделу кезеңі:
VI-XII
Материал:
Қола
Техника:
Құю
Өлшемі:
Ұзындығы - 26,5 мм, ені - 25 мм, қалыңдығы - 1,5 мм.
Санат:
Археология