Жапсырма
Суреттер жүктелуде...
Сипаттама
Ұсақ. Дөңгелек пішінді, биік емес, төмен қарай сәл кеңейетін жиегі бар. Ортасында шағын шеңбер орналасқан. Оның ішінде жүрек тәрізді фигурадан тұратын бүршік (?) бейнеленген, екі жағынан қысқа, көлбеу сызықтар тарайды. Шеңбердің айналасында оның екі жағында орналасқан екі бірдей араб әріптер жұбынан құралған жазу бар. Артқы жағында ілгек орналасқан.
Мерзімделу кезеңі:
VI-XII
Материал:
Күміс
Техника:
Құю
Өлшемі:
Биіктігі - 5 мм, алдыңғы бетінің диаметрі - 13 мм, жиегімен бірге - 14 мм, шпеньгімен қоса қапсырманың биіктігі - 8 мм.
Санат:
Археология