Белбеу ұшы
Суреттер жүктелуде...
Сипаттама
Геральдикалық пішінді. Алдыңғы жиегі күрделі қапсырма тәрізді, орталық бөлігі ұзын әрі үшкірленген. Тұғыры түзу. Жиегі биік, төмен қарай сәл кеңейеді және биіктігі біркелкі емес - негізіне қарай сәл аласарады. Алдыңғы бетінде үш тамшы тәрізді биік шығыңқы элемент орналасқан. Олар сопақша пішінді ойықтың айналасына шоғырланған. Осы элементтердің айналасында қарамен (чернение) түсірілген түрлі бейнелер болған. Ішкі жағында ірі түйреуіш тәрізді шығыңқылар бекітілген.
Мерзімделу кезеңі:
VI-XII
Материал:
Күміс
Техника:
Құю
Өлшемі:
Ұзындығы - 21 мм, ені - 17 мм, биіктігі - 8 мм, шпеньктерімен бірге - 14 мм.
Санат:
Археология