Откройте для себя

богатую историю и культуру Казахстана

 

Әшекей бұйым

Суреттер жүктелуде...

Сипаттама

Құмыраға арналған әшекей ретінде жасалған құс бейнесіндегі төбе әшекейі. Құю техникасымен орындалған. Көлемді. Үлкен, дөңгелек басты, шағын тұмсықты. Тұмсықтың жоғарғы бөлігі доға тәрізді, төменгі жағы түзу. Бадам тәрізді үлкен көздері бастың бүкіл бетін дерлік алып жатыр. Қабақтары биіктігі төмен білінер-білінбес валик түрінде бейнеленген. Басының үстінде жоғарғы жағы дөңестеу үшбұрыш пішінді кішкене айдары бар. Мойны ұзын, денесіне қарай сәл жуандай түседі. Денесі ұзындау. Артқы бөлігі қысқа, үшбұрышты пішінді, ұшына қарай біркелкі жіңішкереді. Фигура жуан өзекке орнатылған.

Мерзімделу кезеңі: VI-XII
Материал: Қола
Техника: Құю
Өлшемі: Биіктігі - 4,9 см, ұзындығы - 4,7 см.
Санат: Археология
Scroll to Top