Қазан
Суреттер жүктелуде...
Сипаттама
Шар тәрізді қазан. Жоғарғы бөлігінде кеңейіп, түбіне қарай біртіндеп тарылған. Ернеуінің қимасы жалпақтау. Ыдыстың екі тұтқасы доға тәрізді жапсырма түрінде жасалған. Жапсырмалардың сыртқы жиегі саусақпен (?) басу арқылы түсірілген ойықтармен безендіріліп, толқынды сұлба түзеді. Ыдыстың түбі дөңгелек пішінді. Бетінің түсі біркелкі емес: қоңыр түсті, ал ыдыстың жоғарғы және төменгі бөліктерінде қара-сұр түсті жерлері байқалады.
Мерзімделу кезеңі:
VI-XII
Материал:
Керамика
Техника:
Пішіндеу
Өлшемі:
Биіктігі - 14,5 см, ернеуінің диаметрі - 13 см, тұлғасының диаметрі - 19 см.
Санат:
Археология