Көзе
Суреттер жүктелуде...
Сипаттама
Алмұрт тәрізді пішіндегі құмыра, мойны биік, жоғарғы жағына қарай сәл тарылады. Тұлғасының жоғарғы бөлігі кеңейіп, түбіне қарай біртіндеп тарылады. Мойнының түбінде екі жағында ортасында бойлық шығыңқысы бар ілмек тәрізді тұтқалар орналасқан. Ернеуінің кесіндісі тегістелген. Тұлғасының иық тұсына терең көлденең сызық түсірілген. Беткі қабатының түсі әркелкі, қоңыр және қою қоңыр түсті ангобпен қапталған.
Мерзімделу кезеңі:
Х-ХІІ
Материал:
Керамика
Техника:
Керамика техникасы
Өлшемі:
Биіктігі - 17 см, ернеуінің диаметрі - 11,2 см, мойнының диаметрі - 11 см, тұлғасының диаметрі - 16 см, түбінің диаметрі - 8 см.
Санат:
Археология