Откройте для себя

богатую историю и культуру Казахстана

 

Құмыра

Суреттер жүктелуде...

Сипаттама

Ыдыстың түбі жалпақ, тұлғасы алмұрт тәрізді. Мойны кең, цилиндр пішінді. Ернеуі тегіс, дөңгелектенген және сыртқа қарай қайырылған. Тұтқасы ыдыстың қабырғасы мен мойнына бекітілген. Тұтқаға қарама-қарсы жағында сұйықтық құюға арналған шүмегі орналасқан. Шүмегінің шеттерінде кетік іздері бар. Ыдыстың мойны мен шүмегі көлденең сызықтармен безендірілген. Түсі ашық сары.

Мерзімделу кезеңі: VI-XII ғғ.
Материал: Керамика
Техника: Пішіндеу
Өлшемі: Биіктігі - 28 см, тұлғасының диаметрі - 17,4 см, ернеуінің диаметрі - 8,4 см.
Санат: Археология
Scroll to Top