Құйма алтын дайындама
Суреттер жүктелуде...
Сипаттама
Кейіннен зергерлік бұйымдар жасауға арналған алтыннан құйылған дайындама. Пішіні ықшам, көлемді, көлденең қимасы дөңгелек. Беткі қабаты тегіс емес, құю үдерісіне тән іздер, ұсақ ойықтар мен кедір-бұдырлар байқалады. Шеттері шабу арқылы өңделген, жиектері біркелкі емес. Бетінде металдың қарайған тұстары мен механикалық әсер іздері бар. Бұйым тұтас сақталған, көзге көрінетін жарықтары мен елеулі бөліктерінің жоғалуы байқалмайды.
Мерзімделу кезеңі:
ХІ-ХІІ ғғ.
Материал:
Алтын
Техника:
Құю
Өлшемі:
D-0,6 см., L-0,8 см.
Санат:
Археология