Тігуге арналған жапсырма
Суреттер жүктелуде...
Сипаттама
Жапсырма төрт шеңберден тұрады. Әр шеңбер жіңішке концентрлік жолақтардан ширатылып жасалған. Әр шеңбердің ортасына диаметрі 0,3 см., биіктігі 0,2 см. болатын төмпешік дәнекерленген. Шеңберлер өзара дәнекерленген, дәнекерленген тұстары ұсақ дәнекер түйіршіктерімен безендірілген. Жапсырманың ортасында шеңберлердің ортасындағы төмпешіктерге ұқсас тағы бір төмпешік орналасқан. Бұйымның іші қуыс, бүйір жақтарында бір-біріне жақын орналасқан екі-екіден тесік бар. Артқы жағындағы тұтас жұқа пластина төрт шеңберден құралған бұйымның пішінін қайталайды. Алдыңғы және артқы бөліктері шеңберді айналдыра жиектейтін, қалыңдығы 0,3 см. болатын жіңішке таспа арқылы өзара жалғасқан.
Мерзімделу кезеңі:
XI-XII ғғ.
Материал:
Алтын
Техника:
Құю
Өлшемі:
a - 1,7 см., b - 1,7 см.
Санат:
Археология