Медаль және куәлік
Суреттер жүктелуде...
Сипаттама
Медаль дөңгелек пішінді, алтын түстес металдан жасалған. Жоғарғы бөлігі көгілдір түсті, қазақы ұлттық өрнекпен безендірілген таспаға бекітілген. Медальдің алдыңғы бетінде Қазақстан картасы, күн сәулесі тәрізді композиция, мемлекеттік рәміз элементтері және «Қазақстан халқы Ассамблеясына 20 жыл» деген жазу бедерленген. Медаль мерейтойлық куәлікпен бірге ұсынылған. Куәлік ақ түсті өрнекті қағазда басылған, Қазақстан Республикасы Президентінің атынан берілген, иесінің аты-жөні, марапат атауы, мөрі мен қолы қойылған.
Мерзімделу кезеңі:
2015 ж.
Материал:
Қағаз, Металл
Техника:
Басу
Өлшемі:
10 х 7 см, 3 х 3 см.
Санат:
Жазба-дерек және ақпарат (құжат, фото-негативтер)