Төсбелгі
Суреттер жүктелуде...
Сипаттама
Төсбелгі алтын түстес металдан жасалған. Жоғарғы бөлігінде көгілдір эмальмен көмкерілген тікбұрышты тақтайшада «ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТ» деген жазу орналасқан. Төменгі бөлігінде Көксу ауданының рәміздік бейнесі бедерленген: ортасында күн шапағы тәрізді композиция, шеңбер ішінде ауданның таңбасы, жоғарғы жағында «КӨКСУ» жазуы, төменгі бөлігінде «АУДАНЫ» деген жазу берілген. Композицияның екі жағында қанатты тұлпарлар бейнеленген. Төсбелгі көгілдір және алтын түсті эмальмен сәнделген. Артқы жағында киімге тағуға арналған түйреуіш бекіткіші бар.
Мерзімделу кезеңі:
2015 ж.
Материал:
Металл
Техника:
Басу
Өлшемі:
6 х 4 см.
Санат:
Жазба-дерек және ақпарат (құжат, фото-негативтер)