Депутаттық мандат
Суреттер жүктелуде...
Сипаттама
Төсбелгі ту пішінінде жасалған. Негізі қызыл түсті эмальмен қапталған, төменгі бөлігінде көгілдір және ақ түсті көлденең жолақтар орналасқан. Жоғарғы сол жақ бұрышында бесжұлдыз және орақ-балға бейнесі бар. Ортасына алтын түсті әріптермен «АУДАНДЫҚ СОВЕТТІҢ ДЕПУТАТЫ» деген жазу түсірілген. Жиегі алтын түстес металмен көмкерілген. Артқы жағында киімге тағуға арналған түйреуіш бекіткіші орналасқан. Төсбелгі қоғам және мемлекет қайраткері Наурыз Қылышбаевқа тиесілі.
Мерзімделу кезеңі:
1980 ж.
Материал:
Металл
Техника:
Басу
Өлшемі:
2,5 х 2 см.
Санат:
Жазба-дерек және ақпарат (құжат, фото-негативтер)