Откройте для себя

богатую историю и культуру Казахстана

 

Тігуге арналған жапсырма

Суреттер жүктелуде...

Сипаттама

Жапсырма жіңішке концентрлі жолақтардан ширатылып жасалған төрт шеңберден тұрады. Әр шеңбердің ортасына диаметрі 0,3 см., биіктігі 0,2 см болатын кішкентай дөңес түйір дәнекерленген. Шеңберлер өзара дәнекерленіп біріктірілген, ал дәнекерленген жерлері ұсақ зермен безендірілген. Жапсырманың ортасында шеңберлердің ортасындағы түйір ұқсас тағы бір түйір орналасқан. Төрт түйір зақымдалған. Бұйымның іші қуыс. Бүйір жақтарында бір-біріне жақын орналасқан екі-екіден тесіктер бар. Артқы жағында төрт шеңбер қалыптастырған бұйым пішінін қайталайтын жұқа тұтас тақташа бар. Алдыңғы және артқы бөліктері қалыңдығы 0,3 см болатын жіңішке таспа арқылы біріктірілген, ол шеңберді айналдыра жиектеп тұрады.

Мерзімделу кезеңі: XI-XII
Материал: Алтын
Техника: Құю
Өлшемі: a - 1,7 см., b - 1,7 см.
Санат: Археология
Scroll to Top