Бақылаушы-ІІ
Суреттер жүктелуде...
Сипаттама
Авторы: Дюсенбина Сауле Маратовна. 1971
Абстрактілі-символдық композицияның төменгі оң жақ бөлігінде ою-өрнек бедерленген терракота түсті тікбұрышты жазықтық бейнеленген. Оның сол жақ қырына көз бен мұрын сызықтары ғана айқындалған стильдендірілген адам бейнесі басын сүйеген. Тікбұрышты жазықтық үстінде әртүрлі көлемдегі үш дөңгелек домалап келеді. Фон терең қою көк және күлгін реңктерде беріліп, ретсіз сызықтық штрихтар мен және ашық түсті нүктелік акценттермен толықтырылған. Колорит композицияның сол жақ бөлігіндегі салқын түстер мен оң жағындағы жылы реңкті жазықтықтың қарама-қайшылығына негізделген. Жазылу мәнерінің әсерлі, көпқабатты фактурасы мен пішіндердің шартты берілуі композицияға қозғалыс пен тыныштық, жол мен түс тақырыбындағы метафоралық мән сыйлайды.