Қобыз сазы
Суреттер жүктелуде...
Сипаттама
Авторы: Есиркеев Куаныш Раймкулович. 1947
Символикалық композицияның ортасында - бір аяғын астына бүгіп отырған жалаңаяқ қарт бейнеленген. Қолына қобыз ұстаған кейіпкердің жанары алысқа қадалған. Артқы планда, киіз үйдің керегесі мен шаңырағы аясында мойнын соза, басын шалқайта жатқан ақ боз ат бейнеленген. Шаңырақтан жан-жаққа тараған жалын тілдері кейіпкер басының үстінде нимб тәрізді сәуле құрайды. Композиция орталық бейне айналасына құрылған. Пішіндер жалпыланғанымен, кейіпкердің дене бітімін айшықтайтын пластикалық сомдалуы өте мұқият орындалған. Колорит жылы және суық түстердің контрастына құрылған.
Мерзімделу кезеңі:
1973 г.
Материал:
Кенеп
Техника:
Майлы бояу
Өлшемі:
140х124 см
Санат:
Бейнелеу өнері