№ 3 Натюрморт
Суреттер жүктелуде...
Сипаттама
Авторы: Ильин Александр Александрович. 1948 - 2006
Композиция ортасына жинақталған жеміс-жидектер, геометриялық денелер мен түрлі пішіндегі ыдыстар туындыда орнықты құрылым қалыптастырған. Ыдыстар өзара ұқсас фактурасымен және ашық гаммасымен бірігіп, күңгірт бейтарап аяда айқын дараланып тұр. Колорит ұстамды жосалы қоңыр реңктердің үйлесіміне құрылған, оны көгілдір және қызыл түсті оқшау акценттер жандандыра түседі. Туынды ұқсас заттық мотивтердің вариацияларына негізделген натюрморттар топтамасына жатады. Оң жақ төменде - қолы мен жылы.
Мерзімделу кезеңі:
1990 г.
Материал:
Кенеп
Техника:
Майлы бояу
Өлшемі:
90×100 см
Санат:
Бейнелеу өнері