Қара фондағы ақ-күміс жолбарыстар. Триптих. Оң жақ бөлігі
Суреттер жүктелуде...
Сипаттама
Авторы: Исаев Абдукарим. 1949
Қазақ кескіндемесіндегі неоархаикалық бағыт аясында орындалған бұл сәндік-символдық композиция жазықтық сипатқа, жинақталған ою-өрнектік эстетикаға ие. Жарық-көлеңкесіз әрі кеңістіктік тереңдіксіз берілген бұл шығарманың пішіні контурлық сызықтардың ырғағы мен тұтас түстік дақтар арқылы құрылып, фигуративті сарын ою-өрнекке ұласар шекарада тұр. Шаршы пішінді кенептің ортасында ретсіз үйілген, бір-біріне тығыз ығысқан жолбарыстар тобын елестететін ірі ақ-күміс түсті дақ бейнеленген. Түстік шешімі мен фактурасы жолбарыс терісінің өрнегін қайталайды; осы сарын ортадағы шағын қызыл тікбұрышты фрагменттен, сондай-ақ сол жақ жоғарғы және оң жақ төменгі бұрыштардағы екі ақ-қара элементтен де көрініс табады. Жабайы аң бейнесі қылқалам шеберінің бүкіл шығармашылығында қылаң беріп отырады, сонымен бірге ол ежелгі түркі халықтарының мәдениетінде терең сакралды мәнге ие болған: жолбарыс киелі жануар, зұлым рухтардан қорғайтын тұмар, жауынгерлік сәттілік пен қорғаныштың нышаны саналған. Оң жақ жоғарыда - қолы.