Откройте для себя

богатую историю и культуру Казахстана

 

Мысық басы (бұйым фрагменті)

Суреттер жүктелуде...

Сипаттама

Мысық тұқымдас жануардың бейнесі. Алдыңғы жағына қарай созылған басы бар мысық мүсіні. Тұмсығы тұтас пішінде, бет тұсы қашалып жасалған. Көздері симметриялы орналасқан, тұмсығы маңдаймен жалғасып, артқа қайырылған құлақтармен аяқталады. Аузы үшбұрыш тәрізді қашалып, екі жағында үш-үштен мұрт сызықтары бейнеленген. Иегі түзу, беті тегіс. Құлақтарының арасында бесбұрышты, ішіне өтетін қуысты тесік орналасқан. Мойын бөлігі нәзік ойылып жасалған геометриялық өрнекпен сәнделген. Мойын шеті мұқият өңделген, ішкі бөлігі қуысты және кедір-бұдырлы. Бұл бөлшек, шамамен, басқа бір бұйымның құрамына жіппен немесе өзге тәсілмен жалғанған болуы мүмкін.

Мерзімделу кезеңі: VI-XII
Материал: Қола
Техника: Құю
Өлшемі: H - 5,5 см., D1 - 3 см., D2 - 2,7 см.
Санат: Археология
Scroll to Top