Таң
Суреттер жүктелуде...
Сипаттама
Авторы: Остренко Иван Дмитриевич. 1927-2007
Көшпенділердің күнделікті тұрмыс-тіршілігін бейнелейтін тұрмыстық жанрдағы кескіндемелік туынды. Алдыңғы планда, тау бұлағының жанында - ашық түсті көйлек киген бұрымды қыз, сәл әріректе - қолына шелек ұстаған, дәстүрлі киімдегі әйел бейнесі орналасқан. Артқы планда киіз үй нобайы көрінеді. Оқиға жарқыраған күн сәулесіне шомылған таулы адырлар аясында өрбиді. Автор таулы өңірдегі ашық күннің атмосферасын жеткізетін қанық жасыл, сары және қоңыр реңктерді шебер қолданған. Оң жақ төменде - қолы.
Мерзімделу кезеңі:
1958 г.
Материал:
Кенеп
Техника:
Майлы бояу
Өлшемі:
82х100 см
Санат:
Бейнелеу өнері