Соңғы көктем
Суреттер жүктелуде...
Сипаттама
Авторы: Функоринео Юрий Францискович. 1941
Гүлдеген ағаштар көмкерген жасыл көгал бейнеленген пейзаж. Алдыңғы планда діңі жуан, ирелеңдеген, бұтақтары жан-жаққа кең жайылған кәрі ағаш тұр. Оның бұтақтарының кей тұстары ақ гүлге оранған. Артқы планда қалың гүлдеген ағаштар мен бұталардың арасынан төбесі еңіс шағын үйлер көрінеді. Кәрі ағаштың қою түсті сұлбасы ашық көгілдір аспан мен көктемгі бақтың нәзік ақшыл-жасыл реңктері аясында айқын ерекшеленеді. Түстердің үйлесімі табиғаттың көктемгі құлпырған қалпын әсерлі жеткізіп, пейзажға көркемдік тұтастық дарытады. Төменгі сол жақ бұрышта суретшінің монограммасы мен туындының орындалған жылы көрсетілген.
Мерзімделу кезеңі:
1989 г.
Материал:
Кенеп
Техника:
Майлы бояу
Өлшемі:
67х90 см
Санат:
Бейнелеу өнері