Моншақтар топтамасы
Суреттер жүктелуде...
Сипаттама
Моншақтар мен салпыншақтар коллекциясы (47 дана) және 6 фрагмент.
Коллекцияға өлшемі, пішіні, материалы және сәндік безендірілуі әртүрлі моншақтар мен салпыншақтар кіреді. Өлшемі бойынша үш топқа бөлінеді: микроөлшемді (диаметрі 4-6 мм) - 8 дана; орташа (диаметрі 6-12 мм) - 34 дана; ірі (диаметрі 12 мм-ден астам) - 11 дана.
Материалы бойынша жіктелуі: шыны - 41 дана; тас - сердолик (1 дана), гагат (2 дана) және құрамы анықталмаған тас (1 салпыншақ); сүйек - 2 дана; фаянс массасы - 6 дана. Фаянс массасынан жасалған моншақтар көгілдір түсті жылтыр глазурьмен қапталған. 2 дананың материалы анықталмаған.
Пішіні бойынша жіктелуі: коллекцияда сопақша пішінді моншақтар басым - 36 дана. Сонымен қатар дискі тәрізді (3 дана), тамшы тәрізді (1 дана), бөшке тәрізді (1 дана) және науашалы пішінді (4 дана) үлгілер бар. Екі моншақ екі бөлікті пішінде, бір моншақ үш бөліктен тұратын домалақ пішінде жасалған. Коллекцияда симметриялы пішінді салпыншақ және салпыншақтың фрагменті де бар.
Сәндік безендірілуі бойынша жіктелуі: көзді өрнекті моншақтар (4 дана), «шырша» тәрізді өрнегі бар моншақ (1 дана), сондай-ақ сүйектен жасалған оймыш және ойық өрнекті бұйымдар (2 дана) ерекшеленеді. Шыны моншақтар көк, сары және қоңыр түстермен ұсынылған. Фаянс моншақтары (6 дана) көгілдір түсті глазурьмен қапталған.