«КСРО Қарулы Күштеріне 70 жыл» мерекелік медалі
Суреттер жүктелуде...
Сипаттама
Ұлы Отан соғысының ардагері Ғалым Абдрахмановқа берілген «КСРО Қарулы Күштеріне 70 жыл» мерекелік медалі. Медальдің алдыңғы бетінің ортасында солға қараған ұшқыштың, теңізшінің және Құрлық әскерлері сарбазының бейнелері орналасқан. Жоғарғы бөлігінде ортасына орақ пен балға бейнеленген бесбұрышты жұлдыз, төменгі жағында екі қатарға орналастырылған «1918» және «1988» сандары бейнеленген. Артқы бетінде бес қатарға орналасқан «70 лет Вооруженных Сил СССР» деген жазу, оның төменгі жағында лавр мен емен бұтақтары бейнеленген. Медаль көгілдір және қызыл түсті жібек муар лентамен қапталған бесбұрышты металл тағанға бекітілген. Лентаның ортасында көгілдір жолақ, оның екі жағында алтын түсті екі жолақ орналасқан. Лентаның екі шеті жасыл түсті муар жолақтармен көмкерілген.