Откройте для себя

богатую историю и культуру Казахстана

 

Мерекелік төсбелгісі

Суреттер жүктелуде...

Сипаттама

Ұлы Отан соғысының ардагері Төлеу Сабырғалиевке берілген «Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 25 жылдығы» мерекелік төсбелгісі. Төсбелгі қырлы сәулелері бар бесбұрышты жұлдыз түрінде жасалған. Жұлдыздың ортасында дулыға киген кеңес жауынгерінің бейнесі орналасқан. Жауынгердің сол қолында автомат, оң қолында қызыл ту бейнеленген. Белгінің жоғарғы бөлігінде қызыл бесбұрышты жұлдыз, орақ пен балға, оң жағында «1945-1970» жылдары көрсетілген. Төменгі бөлігінде емен жапырақтары қоршаған «25 лет Победы в войне 1941-1945 гг.» деген жазу орналасқан. Төсбелгі жетібұрышты металл тағанға сақина және ілмек арқылы бекітілген. Тағанға Георгий лентасының бейнесі мен лавр бұтағы бедерленген. Артқы жағында киімге тағуға арналған түйреуіш бекіткіші бар.

Мерзімделу кезеңі: 1970 ж.
Материал: мельхиор
Техника: Зауыттық өнім
Өлшемі: биіктігі-4,5 см, ені-3,5 см.
Санат: Марапат
Scroll to Top