Белдік қапсырма
Суреттер жүктелуде...
Сипаттама
Құйма белдік жапсырмасы, тікбұрышты пішінді, бір шеті дөңгелектене аяқталған.
Жоғарғы беті бедерлі эпиграфиялық өрнекпен көмкерілген, өрнек қара түспен боялған, ал шеті өрілген таспаша бейнесіндегі жиекпен шектелген. Арғы жағында ұзындығы 0,7 см. және 0,9 см. болатын екі шеге сақталған.
Мерзімделу кезеңі:
VI-XII
Материал:
Күміс
Техника:
Құю
Өлшемі:
Ұзындығы - 2,4 см, ені - 1,1 см, жиегінің биіктігі - 0,5 см.
Санат:
Археология