Lenco T 9005 теледидары
Суреттер жүктелуде...
Сипаттама
Радиоқабылдағышпен біріктірілген портативті аналогтық теледидар. Тұрмыстық жағдайда, сондай-ақ тасымалдауға қолайлы етіп жасалған. Корпусы сұр-қара түсті, бұрыштары жұмырланған. Алдыңғы панелінде кинескопты экран, VHF-L, VHF-H, UHF диапазондарының баптау шкаласы, «TUNING» тетігі және дыбыс деңгейін реттеуіш орналасқан. Оң жағында телескопиялық антенна, жоғарғы жағында жиналмалы тұтқасы бар. Артқы панелінде қуат көзі мен антенна ұяшықтары орналасқан.
Мерзімделу кезеңі:
1980-1990 жж.
Материал:
Металл, Пластмасса, Полистирол, Шыны
Техника:
Зауыттық өнім
Өлшемі:
17х19х13 см.
Санат:
Ғылым және технология