Медаль «Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 50 жылдығы»
Суреттер жүктелуде...
Сипаттама
«Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 50 жылдығы» медалі, соғыс ардагері И. Жұбановқа табыс етілген.
«Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 50 жылдығы 1941-1945 жж.» мерейтойлық медалі - дөңгелек, диаметрі 32 мм, томпақтан жасалған. Медальдің алдыңғы бетінде Кремль қабырғасының Спасск мұнарасы, Покровский соборы және мерекелік салюттың бейнелері орналасқан. Төменгі жағында «1945-1995» цифрларымен бірге «Отан соғысы» орденінің бейнесі бар, шетінде лавр бұтақтары бейнеленген. Медальдің артқы бетінде ортасында «Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 50 жылдығы 1941-1945 жж.» деген жазу орналасқан, төменгі бөлігінде лавр жартылай гүлтізбегі бейнеленген. Медальдің жиегі жиектелген. Барлық жазулар мен бейнелер бедерлі.
Медаль құлақша және шығыршық арқылы бесбұрышты колодкаға бекітілген. Колодка қызыл жібек муар таспасымен қапталған, ені 24 мм. Таспаның сол жағында бес жолақ бар: үшеуі қара, екеуі қызғылт сары. Жолақтардың ені - 2 мм. Сыртқы қара жолақтар ені 1 мм болатын қызғылт сары жолақтармен жиектелген.