Су құятын ыдыс
Суреттер жүктелуде...
Сипаттама
Үлкен көлемді ыдыс-фляга. Екі тұтқалы, цилиндр пішінді ыдыс. Мойнының биіктігі - 23 см., диаметрі - 26 см., пішіні цилиндр тәрізді. Биіктігі - 1 см., диаметрі - 1 см. болатын, ортасында бүртіктері бар екі ілмек тәрізді қырлы тұтқасы бар. Ернеуі бүкіл шеңбері бойынша ені 5 см болатын торлы ажурлы таспамен безендірілген. Ажурлы таспаға параллель шеңбер бойымен ені 1 см, штампталған бүртіктері бар жолақ жүргізілген. Тұтқалардың бірінің ортасында ілмек орналасқан. Екі тұтқаға да таспалар оралған. Тұтқалар дәнекерлеуден басқа, диаметрі 0,7 см бұралған сымдар арқылы ыдысқа бекітілген. Сымдар мойынның екі жағынан ені 14,5 см және ұзындығы 13 см болатын металл табақшалармен бекітілген. Иық бөліктері тегіс, ені - 11 см. Ыдыстың цилиндр пішінді тұлғасының диаметрі - 41 см., биіктігі - 43 см. Түбіне жақын бөлігі екі жиектен тұрады. Ыдыс керуен-сарайға қарама-қарсы орналасқан жерлеу орнынан табылған.