Үш аяқты құмыра
Суреттер жүктелуде...
Сипаттама
Қызыл сазды құмыра, үш аяқты, төменгі бөлігі кеңейтілген, үш жапсырмалы аяқты. Мойыны дөңгелек пішінді, созылыңқы. Ернеуі тік. Тұтқасы бір ұшы мойынға, екінші ұшымен ыдыстың кеңейтілген бөлігіне бекітілген. Тұтқаның бекітілген жерлері сақталған, диаметрі 2,0 см. Денесі мен мойынында шеңберлі белдеу жүргізілген, басып енгізілген, ұзындығы 2-2,5 см.
Мерзімделу кезеңі:
VI-XII ғғ.
Материал:
Керамика
Техника:
Пішіндеу
Өлшемі:
Биіктігі - 18,5 см., түбінің диаметрі - 15,0 см., тұлғасының диаметрі - 15,0 см., ернеуінің диаметрі - 9,0 см., аяғының биіктігі - 2,5 см.
Санат:
Археология