Құмыра
Суреттер жүктелуде...
Сипаттама
Ені кең мойынды, жапсырмалы құмыра. Сыртқы беті қоңыр ангобпен қапталған. Жиегі мойынынан жолақ арқылы бөлінген. Тұтқасы жиегі мен ыдыстың иығын байланыстырады, тұтқаның жоғарғы жағында жапсырмалы домалақ нүкте бар. Мойынынан денеге ауысатын жерде тісшелер байқалады. Саз құрамында қоспалар бар. Тұтқаның екі жағында, жиегінің астында, 0,6 см. диаметрлі дөңгелек ойық бар. Түбі мен дененің бір бөлігі күйген іздері бар.
Мерзімделу кезеңі:
Х-XII ғғ.
Материал:
Керамика
Техника:
Пішіндеу
Өлшемі:
Биіктігі - 14,0 см., тұтқасының ені - 2,7 см., ернеуінің диаметрі - 11,7 см., тұтқасының ұзындығы - 8,5 см., тұлғасының диаметрі - 14,0 см., түбінің диаметрі - 8,3 см.
Санат:
Археология