Саптыаяқ
Суреттер жүктелуде...
Сипаттама
Қызыл саз балшықтан жасалған саптыаяқ. Төменгі жағы дөңестелген, жалпақтау-домалақ пішінді және жоғары қарай кеңейетін биік ернеуімен сипатталады. Тұтқасы сақина тәрізді, тік бағытта денесі мен мойынының қосылу сызығына бекітілген. Түбі жалпақ. Беті қызыл ангобпен қапталып, шыңылтырланған. Бұйым қол шарықта, жапсырылып жасалған.
Мерзімделу кезеңі:
VI-XII ғғ.
Материал:
Керамика
Техника:
Пішіндеу
Өлшемі:
Биіктігі - 11 см., тұтқасының ені - 2,4 см., аузының диаметрі - 8,4 см., тұтқасының биіктігі - 4,5 см., тұлғасының диаметрі - 9,5 см., түбінің диаметрі - 5 см.
Санат:
Археология