Откройте для себя

богатую историю и культуру Казахстана

 

Табақ

Суреттер жүктелуде...

Сипаттама

Қызыл саздан жасалған табақ. Дөңгелек пішінде, шеңберлі түбіне орнатылған. Жиегі сәл ішке қарай қайырылған. Ішкі беті ақ ангоб үстіне жағылған ақ түсті күңгірт сырмен қапталған. Орталық бөлігінде қоңыр түсті екі үтір тәрізді белгі бейнеленген. Ернеу маңында үш жерде ашық және қою қоңыр түспен орындалған ирек тәрізді өрнектермен безендірілген. Сыртқы қабырғасы кілегей түсті ангобпен жабылған. Қол шарықта жасалған.

Мерзімделу кезеңі: X-XII ғғ.
Материал: Керамика
Техника: Керамика техникасы
Өлшемі: Биіктігі - 6,2 см., ернеуінің диаметрі - 20,2 см., түбінің диаметрі - 6,5 см.
Санат: Археология
Scroll to Top