Откройте для себя

богатую историю и культуру Казахстана

 

Табақ

Суреттер жүктелуде...

Сипаттама

Қызыл саздан жасалған табақ. Дөңгелек пішінде, шеңберлі түбіне орнатылған. Табақшаның жиегі сәл ғана ішке қарай қайырылған. Ішкі беті қоңыр ангоб үстіне жағылған ақ түсті күңгірт шыңылтырлы. Орталық бөлігінде қоңыр түсті екі үтір тәрізді белгі бейнеленген. Ернеу маңындағы екі жерде қоңыр түспен сырланған сызықтар мен иректерден тұратын өрнек салынған. Сыртқы қабырғасы қоңыр ангобпен жабылған. Қол шарықта жасалған.

Мерзімделу кезеңі: X-XII ғғ.
Материал: Керамика
Техника: Керамика техникасы
Өлшемі: Биіктігі - 6,5 см., ернеуінің диаметрі - 19 см., түбінің диаметрі - 6,8 см.
Санат: Археология
Scroll to Top