Табақ
Суреттер жүктелуде...
Сипаттама
Қызыл саздан жасалған табақ. Қабырғасы жұмсақ иіліспен өтеді, дөңгелек түбіне орнатылған. Ішкі беті мөлдір шыңылтырлы, көк түсті өсімдік тектес шыныасты өрнекпен әсемделген. Төменгі бөлігінің ортасында 16 жапырақты гүл бейнеленген, ал ернеуінде шахмат тәрізді өрнек салынған. Қол шарықта жасалған.
Мерзімделу кезеңі:
VI-XII
Материал:
Керамика
Техника:
Керамика техникасы
Өлшемі:
Биіктігі - 4,5 см., ернеуінің диаметрі - 29,5 см., түбінің диаметрі - 13,5 см.
Санат:
Археология