Құттықтау ашықхаты
Суреттер жүктелуде...
Сипаттама
Құттықтау ашықхаты - Ұлы Октябрь социалистік революциясының 50 жылдығына арналған, Талдықорған аудандық еңбекшілер депутаттары Кеңесі атқару комитетінің ұжымынан Социалистік Еңбек Ері Нұрмолда Алдабергеновке жолданған екі беттік ашықхат.
Мәтіні орыс тілінде. Мұқабасында еңбекшілер, ғарыш зымыраны, ұшақ және құрылыс нысандары бейнеленген алтын түсті композиция, сондай-ақ Қазақ КСР-нің туы мен елтаңбасы элементтері бар эмблема орналасқан.
Мерзімделу кезеңі:
1967 ж.
Материал:
Қағаз
Техника:
Басу
Өлшемі:
14 × 20 см.
Санат:
Жазба-дерек және ақпарат (құжат, фото-негативтер)