Құттықтау жеделхаты
Суреттер жүктелуде...
Сипаттама
«Транзитная телеграмма» №164 - 1967 жылы Талдықорған облысындағы Карл Маркс атындағы колхоздан жолданған кеңестік үлгідегі жеделхат. Адресат: екі мәрте Социалистік Еңбек Ері, колхоз төрағасы Нұрмолда Алдабергенов. Жіберушілер: Панфилов аудандық партия комитетінің хатшысы Ш. Сәпиев және аудандық атқару комитетінің төрағасы А. Әмриев. Жеделхатта Н. Алдабергеновтің ауыл шаруашылығын дамытудағы еңбегі мен өндірісті ұйымдастырудағы жетістіктері атап өтіліп, оған табыс пен сәттілік тілеген.
Мерзімделу кезеңі:
1967 ж.
Материал:
Қағаз
Техника:
Басу
Өлшемі:
18,5 × 20 см.
Санат:
Жазба-дерек және ақпарат (құжат, фото-негативтер)