Мандат №122
Суреттер жүктелуде...
Сипаттама
Мандат №122 - Қазақстан Коммунистік партиясының Талдықорған аудандық XXV партия конференциясы делегатының куәлігі. Құжат Нұрмолда Алдабергеновке берілген.
Тікбұрышты, қалың қызыл картоннан жасалған. Сол жақ бөлігінде В.И. Лениннің профильдік бейнесі, мәтіндері алтын түсті бедермен басылған. Құжат Н. Алдабергеновтің Сталин атындағы колхоздың партия ұйымынан конференцияға шешуші дауыс құқығымен делегат болып сайланғанын растайды.
Мерзімделу кезеңі:
17. 11. 1956 ж.
Материал:
Картон
Техника:
Басу
Өлшемі:
6 х 9 см.
Санат:
Жазба-дерек және ақпарат (құжат, фото-негативтер)