Сынапкөзе
Суреттер жүктелуде...
Сипаттама
Сынапкөзе сұрбалшықтан жасалған. Қалың қабырғалы ыдыс, өте тар тесігі бар, биіктігі төмен мойынының шетінде орамша бар. Дөңгелек пішінді, түбі сүйір тәрізді. Бұйым көлемді және ауыр. Дененің жоғарғы бөлігі ортасында шеңберлермен безендірілген, ал бүйірлерінде домалақ оюлар бар.
Мерзімделу кезеңі:
X-XII
Материал:
Керамика
Техника:
Керамика техникасы
Өлшемі:
Биіктігі - 10,3 см., мойын ұзындығы - 2,3 см., ернеу диаметрі - 2,6 см., тұлға диаметрі - 8 см., ауыз диаметрі - 0,8 см.
Санат:
Археология