Откройте для себя

богатую историю и культуру Казахстана

 

Түркістан облысы бейнелеу өнері музейі

Түркістан облысы мәдениет басқармасының «Бейнелеу өнері музейі» - өңірдегі көркемөнер туындыларын жинақтап, зерттеп, насихаттайтын және көпшілікке таныстыру жұмыстарын жүйелі түрде жүзеге асыратын мәдени-ағартушылық мекеме. Музейдің басты мақсаты - бейнелеу өнері саласындағы тарихи және қазіргі заманғы шығармашылық жетістіктерді көпшілікке таныстыру, жергілікті суретшілердің еңбектерін бағалап, олардың шығармаларын ғылыми айналымға енгізу және келешек ұрпаққа жеткізу болып табылады.

Мекеме облыс көлемінде бейнелеу өнері мен өңір суретшілерінің шығармашылықтары жөніндегі ақпараттарды кеңінен таратып, түрлі көрмелер, экскурсиялар мен танымдық іс-шаралар ұйымдастырып келеді. Музейдің экспозициялық және ғылыми-ағартушылық қызметі өңір халқының көркемдік-эстетикалық талғамын қалыптастыруда ерекше рөл атқарады.

Аталған мекеменің тарихи негізі 2009 жылы қаланған. Ол кезде ол Облыстық тарихи-өлкетану музейінің көркемсурет галереясы ретінде жұмысын бастаған болатын. 2014 жылдың 20 қарашасында Түркістан облысы әкімдігінің шешімімен мекеме дербестік алып, «Бейнелеу өнері музейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі мәртебесіне ие болды. Ал 2015 жылғы 19 наурыздағы №74 қаулыға сәйкес, ол «Түркістан облысы мәдениет басқармасының Бейнелеу өнері музейі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны ретінде қайта құрылып, қазіргі мәртебесін алды. Музей қорында түрлі жанрдағы бейнелеу өнері туындылары - кескіндеме, графика, мүсін, сәндік-қолданбалы өнер үлгілері жинақталған. Әсіресе, өңірдің танымал суретшілері - Қазақстан Суретшілер одағының мүшелері мен жергілікті таланттардың шығармаларына айрықша көңіл бөлінген. Музейде белгілі суретшілердің жеке көрмелері, тақырыптық көрмелер, шеберлік сабақтары, сондай-ақ мектеп оқушылары мен студенттерге арналған танымдық бағдарламалар тұрақты түрде ұйымдастырылып тұрады.

Бүгінде «Бейнелеу өнері музейі» - Түркістан өңіріндегі көркемсурет өнерінің дамуына серпін беретін, өнер арқылы ұлттық мәдениетті дәріптейтін маңызды мәдени мекемелердің біріне айналды.

Жұмыс уақыты 09:00 - 18:00
Билет құны 500 тг.
Мекенжайы Түркістан облысы, Шымкент қаласы, Мәделі қожа 2 б
Scroll to Top