Cемсер
Суреттер жүктелуде...
Сипаттама
Семсер - тік, екі жүзді суық қару. Жүзі қатты тот басқан, тозған. Жүзінде орта тұсында беріктігін арттырып, салмағын жеңілдететін бойлық қыр (қаттылық қыры) жүргізілген. Ұшы сәл сүйірленіп жасалған, шаншу соққысын жасауға бейімделген. Қылыш қолмен соғу (ұста соғуы) тәсілімен дайындалған, ежелгі қару-жарақ жасау дәстүріне тән ерекшелік болып табылады. Сабы тұтас металдан жасалған, сабының ұшында темляк, қайыс бау өткізуге немесе белдікке іліп алып жүруге арналған дөңгелек тесік бар.
Ұзындығы - 53 см, ені -4 см, тұтқасының ұзындығы - 13 см
Табылған жері: Жетісу облысы
Материал:
Металл
Техника:
Соғу
Өлшемі:
Длина - 53 см, ширина - 4 см, длина ручки - 13 см
Санат:
Қару-жарақ