Дулыға
Суреттер жүктелуде...
Сипаттама
Мұхамеджан Тынышбайұлы атындағы тарихи-өлкетану музейі қорындағы аса құнды экспонаттардың бірі Балпық Деріпсалыұлының жоңғарларға қарсы жүргізілген шайқастарда басына киген болат дулығасы. Дулығаның түсі қоңырқай, аздап тотыққан. Құрама дулыға түріне жатады, күмбез пішінді, төбесі төрт сайдан құралып жасалған, сайларының түйіскен тұстары дөңестелген жіңішке таспа пластинамен жабылып, қайырма шегелермен бекітілген, төменгі бөлігі жалпақтығы 4 сантиметрлік құрсаумен бекітілген.
Балпық Деріпсалыұлы Ұлы жүздің Жалайыр руынан шыққан ержүрек батыр, әрі көсем, әрі шешен, әрі би, тарихи еңбегі зор аса ірі тұлға. Ескелді би, Қабылиса жыраулар мен бірге ол да көзі тірісінде әулие саналған, 1694 жылы дүнеге келіп, 1784 жылдары шамасында қайтыс болған.